Ливанда тағы байланыс құралдары жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жолы рация, портативті радиоқабылдағыш, ұялы телефон мен күн панельдері арқылы шабуыл жасалды. Салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 300 кісі жараланды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Еске салайық, күні кеше Ливанда бір уақытта жүздеген адамның пейджері жарылғандығын жазған болатынбыз. Кешегі жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты. Тағы 4 мың кісі медициналық көмекке мұқтаж. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құрылғыны Израильдің барлау агенттіктері қашықтықтан бұзып, жарып жіберген. Ресми Тегеран оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.