Ливанда босқындар лагеріндегі қару қоймасы жарылды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 желтоқсан күні кешке Ливанның оңтүстігіндегі Тир порттық қаласында бірнеше күшті жарылыс болды. </p>

 11 Желтоқсан 2021, 11:25
11 Желтоқсан 2021, 11:25
1808

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 желтоқсан күні кешке Ливанның оңтүстігіндегі Тир порттық қаласында бірнеше күшті жарылыс болды.

Бұл туралы Arabnews ақпарат агенттігі хабарлады.

Ливандағы палестиналық босқындар лагерінің жанында Хамас тобына тиесілі қару қоймасы жарылды. Жарылыстардан кейін үлкен өрт болды.

Оқиғаға қатысты ақпарат анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 10-нан астам адам зардап шекті.

Наверх