Литвада Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың шығармашылығы таныстырылды

23 Мамыр 2022, 22:50
1957
Бөлісу:
Литвада Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың шығармашылығы таныстырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каунас қаласындағы Ұлы Витовт университетінің үлкен залында Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ҚР Елшілігі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өткізді.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Сейм депутаттары, қала мэриясының, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық студенттер қатысты.

Литвада Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың шығармашылығы таныстырылды

ҚР Құрметті консулы Альбертас Милинис кеш қонақтарын мерейтойлары ЮНЕСКО-ның есте қаларлық даталардың халықаралық күнтізбесіне енген қазақ халқының көрнекті өкілдері – Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

Мерекелік концертте қазақстандық әртіс Гүлниза Жұмажанова домбырада қазақтың халық әндерін, оның ішінде Роза Бағланованың репертуарындағы шығармаларды орындады.

Салтанатты кеш аясында қазақстандық дипломаттар Қазақстан-Литва ынтымақтастығының отыз жылдағы жетістіктері, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді.

Сеймнің Экономика жөніндегі комитетінің төрағасы Казис Старкявичюс өз сөзінде екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

Литвада Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың шығармашылығы таныстырылды

Кеш қонақтары Қазақстан туралы көбірек білуге мүмкіндік берген іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Көптеген сәулет ескерткіштері мен көптеген мұражайларымен танымал Литваның бұрынғы астанасы және екінші ірі қаласы – Каунас қаласы 2022 жылы Еуропаның мәдени астанасы деп аталу құқығына ие болды. Жыл ішінде мұнда 40-қа жуық фестиваль, 60-тан астам көрме, 250 орындаушылық өнер және 250-ден астам концерт өтеді. 2023 жылы мәдени астанасы мажар Веспрем, ал 2024 жылы эстон Тарту және норвегиялық Бодо болады.

Өзгелердің жаңалығы