Литва Үкіметі карантинді мамырға дейін ұзартты

28 Наурыз 2021, 12:52
1290
Бөлісу:
Литва Үкіметі карантинді мамырға дейін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литва Үкіметі қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты мамыр айына дейін карантинді ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады «Европейская правда» газеті.

Литваның денсаулық сақтау министрлігі Үкіметке карантин режимін 2021 жылдың 30 сәуірі сағат 24:00-ге дейін ұзартуды ұсынды. Үкімет бұл ұсынысты мақұлдады және карантинді ұзартты.

Елдегі эпидемиялогиялық жағдайдың нашарлауына және адамдар ел ішінде белсенді қозғала бастаған мерекелік кезеңнің жақындауына байланысты карантинді ұзарту ұсынылды, - делінген хабарламада.

Осы себепті муниципалитеттер арасындағы қозғалысқа наурыздың 27-нен 5 сәуірге дейін тыйым салу ұсынылды. Литва министрлер кабинеті де бұл тәртіпті қабылдады және бекітті.

Қазіргі уақытта муниципалитеттерде маңызды себеп болған жағдайда ғана қозғалысқа рұқсат беру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы