Бокстан Италия еліндегі әлемдік лицензиялық турнирде ұлттық құраманың капитаны, 71 келіде әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, отандық боксшы 1/16 финалда Токио Олимпиадасының қатысушысы Дамиан Дуркачты (Польша) жеңді.
Айта кетейік, 3 наурызда Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир басталған еді. Дода 12 наурызда аяқталады. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдама үшін бақ сынауда.