Лицензия алатыныма сенімді болдым – Сәкен Бибосынов

13 Наурыз 2024, 14:40
329
Бөлісу:
Лицензия алатыныма сенімді болдым – Сәкен Бибосынов
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирді қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетелік, Бибосынов өз мансабындағы екінші Олимпиадасына жолдама алып отыр. Бұған дейін ол Токиодағы жазғы ойындарда қола медаль иеленген болатын.

Менің ең басты мақсатым - ел намысын абыроймен қорғап, лицензияға қол жеткізу болатын. Мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Бұл - ұзын жолдың басы ғана. Алда бізді ең үлкен жауапкершілік, ең маңызды міндеттер күтіп тұр. Париж Олимпиадасында Токиодағы қателіктерді жөндеуге тырысамын. Енді жаттығуды үдете түсеміз. Ал лицензиялық турнирге келер болсақ, барлық қарсыласыма қарқынды дайындалдым. Лицензия алатыныма сенімді болдым. Жекпе-жектердің ішінде ең соңғы, шешуші кездесу сәл қиындау соқты. Десе де, жолдамаға қол жеткізсем деген ойым орындалды, - дейді Бибосынов.

Сәкен Бибосынов 51 келіде сынға түседі. 26 жастағы спортшы бокстан әлем чемпионы (2021), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Өзгелердің жаңалығы