Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

6 Қазан 2020, 21:07
1291
Бөлісу:
Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

10 қазанда таңертеңгісін Лас-Вегастағы бокс кешінің тікелей трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Басталуы - астана уақытымен 8:00-де. 

Әлімханұлы бұл кеште аргентиналық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) жұдырықтасады. Қазір қазақстандық боксшыда орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдары бар. 

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 9 қарашада Фреснода (Калифорния, АҚШ) өткізген. Сол кездесуде ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтынды раундта нокаутпен жеңген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы