Лифтіде жарақат алған баланың жағдайы жақсарып келеді

14 Ақпан 2025, 12:12
533
Бөлісу:
Лифтіде жарақат алған баланың жағдайы жақсарып келеді
Фото: BAQ.KZ архив

Астанада лифтіде беті тілінген 5 жасар баланың денсаулығында оң динамика байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына лифтіде беті жарақаттанған 5 жасар баланың жағдайын білу үшін сұрақ жолдадық.

Антибактериалды терапия жалғасып жатыр. Бала физиотерапиялық ем қабылдап жатыр. Ісіну күшеймеген, оң динамика байқалады, - деп жауап берді аурухананың баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, жарақатты күнделікті таңу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуылға ұшырап, бетінің жұмсақ тіндеріне көптеген кесілген жарақат алған 5 жасар бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған болатын.

Мәжіліс депутаты осы оқиғаға қатысты пікір білдірген еді.

13 ақпанда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы оқиғаға кінәлі кәмелетке толмаған балаға не болғаны жайлы айтты.

Өзгелердің жаңалығы