Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Құжатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты нормалар бар. Бұл бап бойынша құқық қолдану өтініш беру тәртібімен басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов заңды түсіндірді.
Бұл бап бойынша құқық қолдану өтініштен басталады. Өтініш әртүрлі жолмен түсуі мүмкін: e-Otinish арқылы, басқа тәсілмен берілген шағым түрінде немесе полицияға жазылған арыз болуы ықтимал. Ең басты қағида – өтініштік сипат. Яғни алдымен өтініш түсуі керек, содан кейін ғана осы бап аясында жұмыс жүргізіледі, – деді вице-министр Сенатта өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ ол ведомство құқыққа қайшы контенттің санын тіркеу тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізетінін атап өтті.
Біз бұл мониторингті тәулік бойы, 24/7 режимінде жүргізіп отырмыз. Жалпы статистиканы қалыптастырамыз: мұндай сипаттағы контенттің шамамен қаншасы болуы мүмкін екенін есепке аламыз, – деп толықтырды ол.
Еске салайық, бұған дейін вице-министр ЛГБТ-ға қатысты заң халықаралық міндеттемелердің талаптарына сай екендігін айтқан болатын.