Бұл - әлемнің көптеген еліндегі әлеуметтік саясаттың маңызды индикаторы – заңгер

25 Мамыр 2020, 18:50
2205
Бөлісу:
Бұл - әлемнің көптеген еліндегі әлеуметтік саясаттың маңызды индикаторы – заңгер
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Осыған орай заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң шығару және құқықтық ақпарат институты конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері Лейла Жанұзақова пікір білдірген еді.
Бүгін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізетін екі заң қабылданды. Бұл заңдарға өзгерістер Қазақстан Президентінің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған. Онда Мемлекет басшысы мемлекеттің әлеуметтік саясатын одан әрі жаңғырту қажеттігі, Қазақстандағы саяси плюрализмді дамыту, қоғамды демократияландыру және т.б. мәселелер туралы айтқан болатын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы мақсаттар үшін құрылды. Қазіргі уақытта сайлау мәселелерімен байланысты проблемалар, оның ішінде халықтың түрлі әлеуметтік топтарын анықтау, олардың өкілді органдар құрамындағы өкілдік ету мәселелері реттелмеген. Түрлі әлеуметтік топтардан келген сайлау квоталарының өзі Қазақстан заңнамасымен әлі күнге дейін реттелмеген, - дейді ол. 

Оның сөзінше, Қазақстан Конституциясы әлеуметтік немесе қандай да бір өзге айырмашылықтарға қарамастан, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының теңдігі принципін белгілейді. 
Әлемдік тәжірибе шетелдік заңнамада да гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге қатысты, яғни, қоғамдық өмірдің барлық саласында әйелдер мен ерлер құқықтарының теңдігі мәселесі бар екенін көрсетеді. Соңғы жылдар ішінде түрлі салаларда әйелдер мен ерлердің теңдігін көздейтін тиісті заң қабылданды және мемлекеттік қызмет заңнамасын жетілдіру бөлігіндегі әйелдердің мемлекеттік қызметте гендерлік теңдігін қамтамасыз ететін заңнама өзгерді. Сайлау заңнамасы бөлігінде бұл мәселелер шешілмей жүрген еді, бүгін міне, Парламент мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезіндегі саяси партиялардың тізіміне ұсынылуы үшін әйелдер мен жастардың 30 пайыздық квотасын белгілеуге қатысты өзгерістер енгізді. Жаһандық  тәжірибе бұл мәселелер әлемнің көптеген елдеріндегі әлеуметтік саясаттың маңызды индикаторы екенін көрсетіп отыр. Бұған әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің саяси-әлеуметтік өмірінің гендерлік өкілдігін қамтамасыз ету мақсатында әйелдер үшін осындай сайлау квоталарының белгіленгені дәлел бола алады. Менің ойымша, біз 30%-дық орташа деңгейді таңдадық. Бұл - партияларды олардың партиялық сайлау тізімін құру кезінде, 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастардың 30 пайыздық өкілдігін қамтамасыз етуге міндеттейді, - деді Лейла Жанұзақова.

Өзгелердің жаңалығы