Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 7 млн-нан асты

8 Маусым 2020, 11:45
1132
Бөлісу:
Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 7 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетіне шалдыққандардың әлем бойынша жалпы саны 7 млн-нан асты, оның ішінде 402 699 адам көз жұмған, деп хабарлады russian.rt.com.

Бұл мәлімет Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланған. 

Науқастардың тіркелуі бойынша көш бастап тұрған ел – АҚШ. Онда 1 941 978 COVID-19 жағдайы анықталған.  Сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустан жазылып шыққан пациент саны 3 133 664-ке жетті. 

Айта кетейік, 7 маусым күні әлемде COVID-19 бойынша 6,8 млн жағдайдың тіркелгені хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы