Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 638 мыңнан асты

30 Наурыз 2020, 12:12
1686
Бөлісу:
Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 638 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бүгінге дейін вирус 30 105 адамның өмірін қиды.

29 наурыздағы жағдай бойынша әлем елдерінде COVID-19 дертін жұқтырғандар саны 638 мыңнан асты, деп хабарлады РБК Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап. Бүгінге дейін вирус 30 105 адамның өмірін жалмаған.

2020 жылдың 11 наурызында ДДҰ коронавирус індетін пандемия деп атаған еді. Джон Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес вирус расталған жағдайлар саны жағынан бүгінде Италия (97 689) мен Қытайды (82 122) басып озған АҚШ (135 499) алда келеді. Одан кейін Испания (78 799), Германия (60 659) және Франция (40 704) тұр.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде жалпы саны 293 коронавирус жұқтырған науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам.

 

Өзгелердің жаңалығы