Лайк қойғаны үшін ақша төлейді деген рас па

21 Желтоқсан 2023, 15:25
447
Бөлісу:
Лайк қойғаны үшін ақша төлейді деген рас па
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мессенджерлерде Ostrovok.ru қонақүйлерді брондау қызметі атынан атқарылатын жұмыс туралы хабарландыру таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қонақ үйлерге лайк қойғаны үшін күніне 2500-8000 теңгеге дейін беріледі екен. Бұл жұмыс қонақ үйлерді ілгерілетуге және оларды танымал етуге ықпал етеді екен. Бұл бос жұмыс орны жалған.

Бұған дейін мұндай хабарландырулар OneTwoTrip, TripAdvisor, Agoda онлайн қызметтерінің атынан таралған болатын. Қазір алаяқтар сол схема бойынша әрекет етуде, бірақ компанияның аты өзгерген.

Лайк қойғаны үшін ақша төлейді деген рас па

Мұндай жұмыс туралы хабарландыру жазда тарала бастады. Бос орынға қызығушылық танытқандарға алдымен аз мөлшерде ақша аударылды. Содан кейін қонақ үйден өте төмен бағамен бөлме брондап, оны қымбатырақ сату ұсынылды. Келіскендерге жеке және банктік деректерді жинау үшін фишингтік сілтеме жіберілді. Не болмаса серіктестер дүкенінен өнім сатып алуы сұралды.

Ostrovok.ru агенттігінің баспасөз қызметі де пікір білдірді. Олардың айтуынша, компанияның мұндай хабарландыруларға ешқандай қатысы жоқ. Егер сізге мұндай жұмыс туралы хабарландыру келсе, оған сенбеген жөн. Алаяқтарға жеке ақпаратты бермеңіз, белгісіз сілтемелер арқылы өтпеңіз, - делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы