Латвияда өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

15 Маусым 2023, 19:36
3427
Бөлісу:
Латвияда өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация Ригада «Орталық Азия мен Латвия арасындағы жаңа сауда мүмкіндіктері» бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған жиында Балтық өңірінің өнеркәсіп және көлік саласының өкілдері бас қосты. Бұл ретте осы іс-шараны USAID-тің Орталық Азиядағы өкілдігі, KAZLOGISTICS Қазақстан көліктер одағы және ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығы ұйымдастырғанын айта кетейік.

Латвияда өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Форумның аясында қатысушылар Орталық Азия мен Балтық елдері арасында жүк тасымалы, көлік маршруттарындағы кедергілерді жою және өңірлік байланыстарды дамыту мәселелерін пысықтады. Өз кезегінде А.Ыдырысов Транскаспий халықаралық көлік бағыты жоғарыдағы аймақ елдерінің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратынын және негізгі бағыттардың бірі болып саналатынын жеткізді.

Латвияда өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Сондай-ақ алқалы жиында Қазақстан – Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының 5-ші отырысы өткізіліп, оның барысында тараптар көлік-логистикасы саласындағы жағдайға байланысты пікір алысты. Бұған қоса логистикалық тізбектерді дамыту жоспарларын қарастырды.

Латвияда өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Бұдан бөлек екі ел арасында әуе қатынасын жаңғырту мәселелері талқыланғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар еліміздің делегациясы Қазақстаннан Еуропаға шикізат және өндіріс тауарларының экспортын дамыту және кері бағытта импорттық жүктерді тасымалдау мақсатында Латвия порттарының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін бағамдап қайтты.

Өзгелердің жаңалығы