Лаңкес, қарақшыларды халық батырлары деп айтуға болмайды - Тоқаев

17 Ақпан 2022, 20:50
1483
Бөлісу:
Лаңкес, қарақшыларды халық батырлары деп айтуға болмайды - Тоқаев
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғасына қатысты жазықсыз қамалды деген адамдарға қатысты ойын айтты.

Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады. Бірақ, мынаны ұмытпауымыз керек, солардың ішінде лаңкестер де, қылмыскерлер де бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді? Жалпы, лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары, батырлары деп айтуға болмайды. Бұл – ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж,-деді Президент.

Сонымен қатар ол егер ақиқатына көз жеткізбей, олардың айтқанына сенетін болсақ, елімізге тағы бір үлкен қауіп төндіреміз деген ойын айтты.

Бұл қарақшыларды Қазақстанға шақыру деген сөз. Сондықтан аталған мәселеде біз өте сақ болуымыз керек. Әрбір іс бойынша мұқият тергеу жүргізуіміз қажет,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

Өзгелердің жаңалығы