Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері салынған айыппұлдарды төлемей жүрген көлік иелерін тоқтатуда. Аzh.kz сайтының жазуынша, кейбіріне салынған айыппұл сомасы өте көп.
«Лексус» көлігінің иесі жылдамдық режимін 8 рет бұзып, сол үшін оған жалпы сомасы 153 мың теңгедей айыппұл салынған.
«ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықты 22 рет асырып, 417 мың теңге айыппұл жазасын алды.
45 рет камераға түскен «десятка» көлігі 1 миллион теңгеден артық айыппұл жинап, рекорд жасады.
Полицейлер атап өткендей, үш көлікте де ресейлік нөмір болған.