«L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшылардың арызы бойынша іс қозғалды

12 Ақпан 2021, 20:05
1519
Бөлісу:
«L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшылардың арызы бойынша іс қозғалды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласының Полиция департаменті, қазіргі уақытта Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. 

ПД-нің мәліметінше, ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылған. 

Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Толық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабараламада. 

«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе мына телефондарға қоңырау шалуы қажет: 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797.

Айта кетсек, жақында еліміздің әр түкіпірінен ондаған адам консультациялық «L-Капитал» компаниясы үстінен шағымданған. Олардың айтуынша, компания олар салымдарының сомасынан жылына 30% -ке дейін пайда табуға уәде берген, бірақ салымшылар ақша алмаған.

Өзгелердің жаңалығы