Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Полиция департаменті, қазіргі уақытта Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
ПД-нің мәліметінше, ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылған.
Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Толық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабараламада.
«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе мына телефондарға қоңырау шалуы қажет: 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797.
Айта кетсек, жақында еліміздің әр түкіпірінен ондаған адам консультациялық «L-Капитал» компаниясы үстінен шағымданған. Олардың айтуынша, компания олар салымдарының сомасынан жылына 30% -ке дейін пайда табуға уәде берген, бірақ салымшылар ақша алмаған.