Қызылжар сауда логистикалық хабы құрылады - министр

30 Наурыз 2021, 10:07
1164
Бөлісу:
Қызылжар сауда логистикалық хабы құрылады - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

Министр Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырып, соның аясында қандай шаруа атқарылатынын кеңінен баяндады.

Оның айтуынша, өңірде қойма және сауда алаңдарын қамтасыз ету үшін Қызылжар сауда логистикалық хабы құрылады. Оған қоса қызмет белсенділікті дамыту үшін едің әкімшілік орталықтарымен байланысын қамтамасыз етуде әуерейстер саны айына 16-дан 68-ге дейін артады. 

Өңірде туристік әлеуетті күшейту және спортты дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курортты аймағында көпбейінді туристік кешенін салу қамтамасыз етіледі. Бұл туристер санын жылына жүз мыңнан 280 мыңға дейін көбейтуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа 100 адамға арналған қонақ үйі бар спорт орталығы салынады,-деді министр. 

Сондай-ақ ол Петропавл қаласында 3 мың орынды көпбейінді спорт сарайы салынатынын айтты. Оған қоса кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру,  сондай-ақ бизнес субектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізу көзделгенін жеткізді. 

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй, инженерлік коммуникация, цифрлық инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі жобалар іске асырылады. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 307 тірек және спутникті ауылдарда жаңа өңірлік стандарттарға сай жолдар, ауруханалар, дәрігерлік амблататориялар, мектеп, балақбақша мен мәдениет үйлері салынады. Қала мен ауылдарда ұзындығы 412 шақырымды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін құру іске асырылады. Оған қоса ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 2,3 млн шаршы метрді құрайтын немесе 21 мың пәтер салу жоспарлануда,-деді Әсет Ерғалиев.
Өзгелердің жаңалығы