Қызылордалықтар МӘМС бойынша медициналық көмек алуда

27 Маусым 2021, 23:12
4222
Бөлісу:
Қызылордалықтар МӘМС бойынша медициналық көмек алуда

Қызылорда облысы, BAQ.kz тілшісі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдардың қор арқылы медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндіктері бар.

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің тұрғыны Алтынбек Досжанов бірнеше рет транзиторлық ишемиялық ауруға шалдықты. Ол инсультқа ұқсас ауру. Бірақ бірнеше уақытқа созылады және ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан науқас Сырдария аудандық ауруханасының күндізгі стационар бөліміне жүгінеді.

10 жылдан астам уақыт бойы 2 типті қант диабетімен және эпилепсия, артериялық гипертензия ауруларымен есепте тұрамын. Өзім кәсіпкермін, ай сайынғы міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна төлеймін. Қымбат медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің сақтандыру қоры арқылы азаматтарға қол жетімді болғанына қуаныштымын. Дәрігердің нұсқауымен МРТ-дан өтіп, қажетті анализдерді тегін тапсырдым, - дейді науқас.

Күндізгі стационар дәрігері Қайрат Ермановтың айтуынша, уақытылы тексеріліп, емделудің арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімнің алдын алуға болады.

Бізге көбіне «артериялық гипертензия» диагнозымен науқастар жатады. Олар жылына екі рет емделуден өтеді. Барлық процедуралар, дәрі-дәрмектер ақысыз. Төсек саны көбейтілді, оның 20-сы күндізгі стационарда. Жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде денсаулық сақтау жүйесінде оң өзгерістер байқалады, - деді дәрігер Қайрат Ерманов.

Биыл жыл басынан бері міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде Сырдария ауданының 80-нен астам тұрғыны күндізгі стационарда емделгенін атап өткен жөн.


Өзгелердің жаңалығы