Қызылордалық миллон теңгесінен айырылып қалды

20 Қараша 2021, 09:52
862
Бөлісу:
Қызылордалық миллон теңгесінен айырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық тұрғын алаяққа алданып, миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

39 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” нөміріне хабарласқан.

Ол өз арызында белгісіз біреу үйдің қорасына шатыр істеп беремін деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не шатыр жасап бермей жүргенін көрсеткен.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті.

Нәтижесінде осы жайтқа қатысты жергілікті тұрғын ұсталды. Бүгінде күдікті азаматтың басқа да оқиғаға қатыстысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы