Қызылордада сотталған азамат алғаш рет жеке куәлігін алды

16 Маусым 2021, 22:45
1101
Бөлісу:
Қызылордада сотталған азамат алғаш рет жеке куәлігін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіне 2019 жылдан бері жазасын өтеп келе жатқан азамат мекеме қызметкерлерінің араласуымен алғаш рет жеке куәлігін алды. 

Бұл азамат мекемеге туу туралы актісімен келген, басқа құжаттары болмаған. Абайсызда жол-көлік оқиғасын жасаған В. есімді азаматқа арнайы есепке алу тобының қызметкерлері Ақтау қаласының АХАТ бөліміне, Ақтау қалалық Полиция басқармасына сұрау хат жолдай отырып, жауабы алынып, туу туралы куәлігі қайта қалпына келтірілді. 

Одан соң, оның барлық құжаттары жинақталып, жеке тұлғасын анықтайтын жеке куәлікпен құжаттандыру мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметіне жолданды. Нәтижесінде сотталған В. алғаш рет жеке куәлігін алды. 

ЗК-169/4 мекемесінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық Көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеу барысында жыл басынан 15-ке жуық сотталғанның жеке куәлігі жасалды. Олардың бірінің жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, бірінің тіпті жеке куәлігі де  жоқ.

Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Жеке куәлігі жоқ азаматтардың тұрғылықты мекенжайына, тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік инспекторларына және білім алған мектептеріне сұрау жолдаймыз. Барлық құжаттарды жинақтап, жергілікті полиция басқармасының көші-қон қызметіне жолдаймыз деді. Мекемеден босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады, - деді арнайы есепке алу тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Табылғанова.



Өзгелердің жаңалығы