Қызылордада салығы төленбеген автокөлік тәркіленді

3 Қыркүйек 2021, 22:26
3507
Бөлісу:
Қызылордада салығы төленбеген автокөлік тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 миллион теңгеден астам салықтық қарызы бар қызылордалық азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, салық төлемеген автокөліктерді анықтау және оларды арнайы айып тұрағына қою бойынша рейд жүргізді. Рейд кезінде BMW 745I маркалы автокөлік тоқтатылып, 2017-2020 жылдарда жиналған жалпы сомасы 1 384,5 мың теңге құрайтын көлік салығын төлемегені үшін автокөлігі тәркіленді – делінген хабарламада.

Иесі қарызын өтегенге дейін көлікті Қызылорда қаласындағы полицияның мамандандырылған айып тұрағына қойды. Автокөлік иесіне салығы бойынша қарызды өтеу міндеттелді.

Рейдтік іс-шара бұдан әрі жалғасын табатын болады.

Өзгелердің жаңалығы