Қызылордада коронавирус балалар арасында дендеп барады

28 Тамыз 2021, 05:25
7219
Бөлісу:
Қызылордада коронавирус балалар арасында дендеп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде балалар арасында коронавирус инфекциясы деңдеп барады. Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында 46 бала ем алуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Оның ішінде 1 жасқа толмаған 13 сәби індетпен күресуде. Ал 3 жасөспірім жан сақтау бөлімінде жатыр.
Коронавирусқа шалдыққан балалар саны күн санап көбейіп келеді. Облыстық балалар ауруханасына сәуір айынан бастап 158 бала келіп түсті. Бүгінгі күні толық емделіп шыққан балалар саны – 82. Осы орайда ата-аналарға айтарым, балаларыңызды барынша санитарлық талаптарды сақтауға шақырыңыздар. Індет жас талғамайды. Сондықтан балалармен көпшілікке жерге баруды азайтып, иммундық жүйені жақсартатын пайдалы тағамдарды көп тұтынған абзал, – деді көп бейінді облыстық балалар ауруханасының онкогематолог дәрігері Жанна Жандарбекова.
            
            

Өзгелердің жаңалығы