Қызылордада 80-ге жуық тұрғын үй салынады

6 Қаңтар 2021, 22:01
1279
Бөлісу:
Қызылордада 80-ге жуық тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 10,5 млрд теңге бөлінді.

Қомақты қаржыға 1572 пәтерлік 76 тұрғын үй тұрғызылатын болады. Қазіргі таңда 487 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Оның 211-і Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда орналасқан.

Халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған отбасыларға арналған 342 пәтер сатып алуға бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді.Баспананың 192-сі қала, қалғаны аудан тұрғындарына беріледі.

Жалға берілетін 1020 пәтерді құрайтын 95 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Мәселен, Шиеліде - 72 пәтерлі 4 тұрғын үй, Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 үй, Сырдария ауданында - бір пәтерлі 33 үй,Қызылорда қаласында 590пәтерлі 12 тұрғын үй.

Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы