Қызылордада 210 жол жөнделген

<p> </p> <h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы облыс орталығында 260 жол жөнделеді. Оның 210-ында жұмыстар аяқталған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. </h4> <br> <p> </p>

 17 Қараша 2020 2020, 04:33
17 Қараша 2020 2020, 04:33
1714

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы облыс орталығында 260 жол жөнделеді. Оның 210-ында жұмыстар аяқталған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде 50 көше қиыршық таспен жабылған, 68-де тротуарлар жасалған.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жолдарды жөндеуге өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлінді.

Бүгінде жұмыс Шанхай, Коммунизм, КБИ, әл-Фараби аудандарында, Титов және Гагарин кенттерінде жалғасуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Арай шағын ауданындағы Жақаев көшесінің орташа жөндеуі аяқталуда.

«Ақнұр-Авто» ЖШС ұзындығы жарты шақырым жолды асфальттауға кірісті.

Наверх