Қызылордада 20 жылдан бері су жүрмеген канал арнасы қайта аршылды

22 Мамыр 2021, 19:03
2233
Бөлісу:
Қызылордада 20 жылдан бері су жүрмеген канал арнасы қайта аршылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев сала басшылары және аппарат қызметкерлерімен бірге сенбілікке шықты. 

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһар басшысы бастаған қызметкерлер  қалалық канал арнасының 20 жылдан бері су жүрмеген бөлігін аршыды. Жаппай сенбілікке дербес бөлімдер мен ауылдық округтер де өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарын жүргізді.          

Қызылордада 20 жылдан бері су жүрмеген канал арнасы қайта аршылды

Қалалық каналдың көзін аршу Жібек жолы мен Сарқырама су арналарын біріктіру мақсатында жүргізілуде. Сырдағы судың аздығы аяқ судың жайын қиындатып тұрған кезеңде қала әкімі қос каналды біріктіру бастамасын көтерген болатын. Бүгін екі су арнасын байланыстырып, сарқырамаға су беру жобасының алғашқы жұмыстары басталды. Канал іші әкімдік қызметкерлерінің күшімен тазаланып, арнаға лотоктар салынып, су жиналатын орын бетон өнімдерімен жабдықталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Қызылордада 20 жылдан бері су жүрмеген канал арнасы қайта аршылды

Бұл жобаның артықшылығы өзеннен аяқ су тартуда қосымша насостық құрылғылардың көмегіне иек артпай-ақ, Қызылжарма каналынан бастау алатын Жібек жолы су арнасы арқылы қала орталығын толығымен аяқ сумен қамтуға мүмкіндік аламыз деген Ғанибек Қонысбекұлы жоба жүзеге асқанда қаланың негізгі арық жүйелері қайтадан Сарқырама магистральді каналы арқылы су ала алатындығын атап өтті.

Қызылордада 20 жылдан бері су жүрмеген канал арнасы қайта аршылды

Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев «Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық каналды тазалап, Төле би көшесінің бойында яғни арнаның сарқырамамен қосылар жеріне насостық құрылғы орнатылып, су арналарын қосу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қызылордада 20 жылдан бері су жүрмеген канал арнасы қайта аршылды

Аталған жұмыстар апта көлемінде толығымен аяқталып, Сарқырама мен қалалық су арналары қосылып, қала орталығындағы тұрғындарға қажетті аяқ су жеткізілетін болады.  

Өзгелердің жаңалығы