Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Қызылорда-Жезқазған» автожолын салу жұмыстарына да аз уақыт қалды. Қазіргі таңда бұл автомобиль жолын қайта жаңғырту үшін «Қазавтожол» АҚ тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Жыл соңына қарай мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, келер жылдан бастап құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұл туралы Қызылорда oблыcтық жoлayшылap көлiгi жәнe aвтoмoбиль жoлдapы бacқapмacының бacшысы Тлeyмбeтoв Мұpaт Жoлкeлдiұлы BAQ.KZ сайтына берген сұхбатында айтты.
- Мұрат Жолкелдіұлы, биыл жыл басынан бері басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қалай?
- Жыл өткен сайын аймақта жаңа көшелер, жаңа мөлтек аудандар пайда болып, сол көшелерге жол салу, оған қоса, бұрынғы көшелерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар аясында атқаралып жатқан жұмыстар қатары жетерлік.
Жалпы қазіргі таңда Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының ұзындығы 3397 шақырымды құрап отыр. Oның 1016 шақырымы рecпyбликaлық бoлca, 2381 шақырымы oблыcтық жәнe ayдaндық мaңызы бap aвтожолы. Биылғы жылы бюджеттен барлығы 20 млрд теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 360 шақырымды құрайтын автожолдар мен көпірлер және көшелер жөндеуден өтуде.
Оған қоса, осы жылы республикалық бюджеттен 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша 10,8 млрд теңге инвестиция тартылды.
Мәселен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстағы ұзындығы 250 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда аталған бағдарлама аясында 45 жоба қаржыландырылуда. Бұл жобалардың 34-і биылғы жылы іске асып, халық игілігіне беріледі. Дәл қазіргі сәтте оның 4-еуі пайдалануға беріліп отыр.
Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігін дамыту мақсатында 3 жоба іске асырылуда. Атап айтар болсақ, облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналының оң жағалауына дейінгі ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын магистралды көшенің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге облыс орталығыныңс сол жағалауындағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай салынатын Сұлтан Бейбарыс көпіріне дейінгі 2,3 шaқырымды құpaйтын магистралды көшe құpылыcы да қолға алынды. Бұл жобалар бойынша жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Сонымен бірге қаладағы Эдельвейс саяжайының солжағалау бөлігінде орналасқан ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын магистралды көше құрылысы да жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда бұл көшедегі құрылыс жұмыстары қарқын алып отыр.
Мемлекеттік бағдарламалар тек облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ ауылдық жерлерде де іске асып келеді. Елді мекендердің әлеуетін арттыру, ауылды абаттандыру жұмыстары жоспардан тыс қалған емес. Мәселен, алдағы уақытта «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша елді мекендердегі ұзындығы 80 шақырымды құрайтын 64 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда аймақта «Кіші қалаларды дaмытy» бaғдapлaмacы aяcындa 2 жoбa icкe acып келеді. Бірі Арал қаласындағы 8,8 шақырымды құрайтын 8 көше, екіншісі Қазалы қаласындағы 8,2 шақырымды құрайтын 10 көшесін қайта жаңғыртудан өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға сол жағалаудағы дарияның қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысын аяқтауға 1 млрд. 493 млн теңге қаржы бөлінді. Көлемі 3,2 шақырымды құрайтын жол құрылысы биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Жалпы айтқанда, биыл мемлекеттік бағдарламалар негізінде басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар реті осындай.
- «Қызылорда–Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды ма?
- Әзірге құрылыс жұмыстары бастала қойған жоқ. Дегенмен «Қызылорда-Жезқазған» автотрассасын қайта жаңғырту жұмыстарының ауылы алыс емес.
Қызылорда облысы аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарына бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Мемлекеттік сатып алу «Қазавтожол» АҚ тарапынан жүргізілуде.
Акционерлік қоғамның мәліметі бойынша, биылғы жылдың соңғы тоқсанына дейін мердігер мекеме анықталып, жыл соңына қарай сол мекемемен келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілетін болады. Одан әрі жобаның дайындық жұмыстарының 30 пайыз қаржысы да қарастырылады. Жалпы «Қызылорда Жезқазған» автожолының құрылыс монтаж жұмыстары келер жылы басталады.
- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда облысындағы бөлігінен 4 жолақты жол салу мәселесі не болды?
- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолыныңы 812 шақырымы Қызылорда облысының аумағында жатыр. Оның ішінде 246 шақырым жер І техникалық, яғни, Оңтүстік Қазақстан облысы бағытына қарай болса, 566 шақырымы ІІ техникалық санатқа жатады. Бұл Ақтөбе облысы бағытына қарай орналасқан.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Ақтөбе облысына қарай бағытына, яғни 566 шақырым жолға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, салалық министрліктер және «КазАвтоЖол» АҚ жанжақты зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде биылдан бастап тиісті құжаттарымен 4 жолақты жолға ауыстыру жөнінде ұсыныстар жіберілді.
Қазіргі таңда осы халықаралық транзиттік жолдың 566 шақырымын ІІ техникалық санаттан І техникалық санатқа ауыстыру жөнінде тиісті сала министрліктерімен жұмыстар атқарылуда. Жақын арада нақты шешім шығады деп үміттенеміз.
- Қазір көп жағдайда жолдың сапасы сын көтермейді. Осы мәселені ретке келтіруге болмай ма? Жол сапасына қаншалықты деңгейде мән берілуде?
- Жалпы жол салынбастан бұрын, оған пайдаланылатын құрылыс заттарының сапасы да тексеруден өтеді. Жол салуда басқарма тарапынан да басқа да тиісті мекемелер тарапынан да нақты қадағалау жұмыстары жүргізіледі.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелеріне бөлінген қаржылардың жөндеу жұмыстарының сапалы салынуын және жөнделуін қадағалау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық деңгейдегі «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалымен келісімшарт жасалып, тиісті бақылау жұмыстары жүргізілуде. Бақылау барысында жоғарыда айтып өткендей, жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын материалдардың сапасы алдын ала зертханалық тексеруден өткізіледі. Сонымен қатар төселген асфальттың параметрлерін арнайы аспаптармен жобаға сәйкестігін тексеру жұмыстары да жүргізіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз болып анықталған техникалық қадағалаушы жол сапасын күнделікті бақылап, жол жөндеу жұмыстарының жобаға сәйкес орындалуын бақылайды. Жоба авторы мен Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы жүргізіліп жатқан жергілікті маңызы бар автожолдардың құрылысы мен жөнделуін қатаң қадағалайды.
Сонымен қатар Nur Otan партиясы жанынан құрылған партиялық мониторингтік топ та жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына да бақылау жасайды. Жалпы айтқанда, жол сапасына жан-жақты бақылау жұмыстары жүргізіліп отыр.
Бір сөзбен айтқанда, жол құрылысы басталған уақыттан пайдалануға берілгенге дейін қадағаланып, тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады.
- Аудандар мен алыс елді мекендердегі жолдың жайы қалай?
- Қызылорда облысының аудандары мен алыс елді мекендеріне баратын жолдар мен ауыл көшелерін жөндеуге 2018-2021 жылдар аралығында «Нұрлы жол», «Ауыл-ел бесігі», 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында ұзындығы 255 шақырым жолы жөндеуден өткізілді. Осылайша 263 жоба іске асырылды.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде Арал ауданында маңызы бар «Самара–Шымкент–Жақсықылыш–Тоқабай–Абай», «Жаңақұрылыс-Бекарыстан би» және Тоқабай елді мекеніне кіреберіс автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 471 млн теңгеге Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылының 14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы Мәдениет ауылында да автожолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында бүгінде шалғайдағы біраз ауылдық жерлердегі көшелер асфальтталды.
Жоғарыда аталған бағдарламалар аясында жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстары өз жалғасын таба беретін болады.
- Аймақта қанша көпір жөндеуді қажет етеді?
- Аймақта қазіргі күні 55 дана көпір бар. Өткен жылы басқармамен облыстық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан көпірлердің техникалық жағдайларына мониторинг жүргізілген болатын. Нәтижесінде, бірінші кезектегі 5 апаттық жағдайдағы көпірге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Бұл көпірлердің 2-еуі Жаңақорған ауданында, тағы 2 көпір Шиелі ауданында болса, Жалағаш ауданында да апатты жағдайдағы бір көпір бар.
Осындай жұмыстар аудандық әкімшіліктерде де жүргізілуде. Қазалы ауданы 3 көпірге, Арал ауданындағы теміржол үстінен өтетін автокөлік, Жалағаш аудандары мен Белкөл кентіндегі жаяу жүргіншілер жолдары, Жаңақорған ауданы 3 дана көпірге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Аталған жобалар республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылуға ұсыным берілді.
Арал ауданының Хан учаскесіндегі Сырдария өзеніне салынған қалқымалы қайық өткеліне күрделі жөндеу жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленген. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндіктері қарастырылуда.
- Аймақтағы жол бойында қызмет көрсету нысандары талапқа сай ма? Жалпы облыста сервистік нысандар жеткілікті ме?
- Қызылорда облысы аумағындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі бойында 47 сервистік нысан жұмыс істеп тұр. Оның ішінде пайдаланымдағы нормативке сәйкес келетін – 35 нысан талапқа сай. Сонымен қатар пайдаланымдағы нормативке сәйкес келмейтін – 12 нысан бар. Оларды жергілікті әкімдіктермен бірлесіп нормативке сәйкестендіру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жол қойында қызмет көрсету кешендері жеткілікті немесе жеткіліксіз деп айту қиын. Дегенмен бұл бағыттағы сервистік нысандардың көп болуы артықтық етпейді. Себебі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойына әлі де болса қызмет көрсету кешендері қажет екені байқалады.
- Ақылы жолдар жолаушыларға қаншалықты жайлы? Жалпы мұндай жолдарға жолаушылар тарапынан сұраныс бар ма?
- Қызылорда облысы бойынша «Самара-Шымкент» автомобиль жолына ақылы жүйе орнату жоспарланып, барлық ауданда қоғамдық тыңдаулар жүргізіліп, бұқаралық ақпараттар қызыметінде және әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Биылғы жылдың мамыр айының аяғында жүргізушілер ақылы жүйеге наразылық білдірген.
Осы мәселеден кейін қазір министрліктен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Қазлогистик» қоғамдық қауымдастықтармен бұл мәселе талқылануда.
Бірінші кезеңде Iб-санаттағы 246 шақырымы Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты, екінші кезеңде II-санатты 566 шақырымды Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысы бағытына қарай ақылы жүйе орнату жоспарлануда.
Дүние жүзінде ақылы жол практикада бар. Бұл жүргізушілердің қауіпсіз жолмен жүруі және жолды қалыпты түрде ұстап тұру үшін қажет.
- 1 тамыз Көлік қызметкерлері күніне орай жылы лебіз тілектеріңізді білдірсеңіз!
- Құрметті көлік саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жүргізуші, жолшы, машинист, жолсерік, вагон қараушы, диспетчер, ұшқыш мамандары үшін бұл кәсіби мерекенің орны бөлек.
Қай мезгілде болмасын, күндіз түні отбасынан жыраққа кетіп, жол үстінде, елге қызмет етіп, халықтың батасын алып жүрген сала мамандарының орны ерекше. Оларға берілген қандай да болсын мадақ пен марапат артықтық етпейді.
Аймақтың көлік қатынасын алға жетелеп, өздеріне артылған сенімді мүлтіксіз орындап жүрген сала қызметкерлеріне алғыс шексіз. Сыр жұртшылығы атынан өз ризашылығымды білдіріп, еңбектеріңіз жана берсін демекпін. Шаңырақтарыңызға шаттық, бірлік, ынтымақ тілеймін. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Төл мерекелеріңізбен!
- Сұхбатыңызға рақмет!