Қызылорда облысында жол қалыңдығының сәйкессіздігі анықталды

14 Қараша 2019, 17:22
4072
Бөлісу:
Қызылорда облысында жол қалыңдығының сәйкессіздігі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен бірге Қызылорда облысындағы "Жалағаш - Жосалы" жолының жөндеу жұмыстарымен танысып, бірнеше кемшіліктерді анықтады.

Аталған жолдарды тексеруге "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" бас директоры Замир Сагинов қоғам белсенділері және журналистермен барды.

Нысан бойынша 2018 жылдан бері орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы құны – 736 млн теңге, ұзындығы 27 км құрайды. Тапсырыс беруші – "Қызылорда облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, мердігер - "KAISON Construction" ЖШС.

Алайда, атқарылған жұмыстарға қарамастан, бұл учаскелерде жолдың асфальтбетон жамылғысында жарықтар, шұңқырлар пайда болып, асфальт шытынауы байқалып, жолдың қалыңдығының сәйкессіздігі анықталды, - делінген ақпаратта.

зами1.jpg

Осыған дейін, филиал қызметкерлері аталған нысанға 10 рет тексеріс жұмыстарын жүргізуге барып, 61 жол - құрылыс материалдарынан сынама үлгілерін алды. Олардың ішінде 23 материалдың тығыздық коэффициентіне сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Барлық бұзушылық фактілері бойынша тапсырыс берушіге, мердігерге және уәкілетті органдарға бұзушылықтарды жою туралы хаттар жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы