Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында жаңа жылдық корпоративті кештерге тыйым салынды. Тиісті қаулыға облыстың бас санитарлық дәрігері қол қойды.
Жаңа жылдық іс-шараларды қоғамдық тамақтану орындарында, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастыруға шектеу қойылды. Жаппай жаңа жылдық театрландырылған қойылымдарда, аниматорлар мен қуыршақтардың қызметтерін пайдалануға (соның ішінде үйге шақыру арқылы), шоу бағдарламалар, концерттер, адамдар көп жиналатын жерлерде өткізуге тыйым салынады - делінген хабарламада.
Тыйым 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.