Қызылорда облысында есірткі еккен екі тұрғын ұсталды

7 Тамыз 2021, 06:27
16704
Бөлісу:
Қызылорда облысында есірткі еккен екі тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшасына сора өсімдігін еккендігін анықтады, деп жазады облыстық ПД баспасөз  қызметі.

Жедел тергеу тобы жүргізген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде  сол ауданның  39 және 47 жастағы тұрғындары  ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Өзгелердің жаңалығы