Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілші. Қызылорда облысында барлық 54 сайлау учаскесі жабылып, әкім сайлауы мәресіне жетті. Дауыстарды санау басталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 36 071 сайлаушы қатысқан. Бюллетеньдер саны – 36 432 дана. Тізімге кірген сайлаушылардың 28 118, яғни 78,0 пайыз дауыс берді.
Бюллетеньдерді санау барысында байқаушылардың назарынан тыс қалмайды. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды. Ол сол бойда аудандық сайлау комиссиясына жеткізіледі. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге мәселелер ҚР Конституциясы сайлау туралы заңының негізінде шешіледі. Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін 3 күн ішінде белгілі болады, - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Аймақтағы саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының 600-ден астам байқаушысы сайлау процесінің заңға сәйкес және ашық өтуін бақылау үшін жұмыс істеді.
Індет жұқтырғандармен байланыста болған сайлаушылар үйден дауыс берді. Бұл ретте дауыс беру пәтерге, үйдің ішіне кірмей ұйымдастырылды. Мұндай дауыс беру байланыссыз тәсілмен мысалы баспалдақ алаңында, үй аумағы маңында жүргізілді. Сайлауда санитариялық талаптар және әлеуметтік арақашықтық сақталды, - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.