Қызылорда облысында 777 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды

14 Қазан 2020, 19:30
1671
Бөлісу:
Қызылорда облысында 777 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды
Фото: автордан

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланып, кәсіп дамытуды қолға алған тұрғындардың қатары көбейіп келеді. Дәлірек айтқанда, биыл облыста «Бастау» жобасын оқыған 777 адам кәсібін ашып отыр.

Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің өкілі Балдырған Мәменнің айтуынша, осы жылы облыста «Бастаy» жобасының аясында 2180-нен астам тұрғын онлайн оқытылды, солардың iшiнде 777 адамның жобасына 443,5 миллион теңге қаражат берілді.

Мәселен, Жалағаш ауданынан «Бастаy» негізінде өткен жылы 380 адам оқып, 197 тұрғынның қаржыландырылған. Осы жылы 175 адам жоба аясында білім алды. Бұл азаматтардың ішінде бүгінде 113-нің жобасы қаржыландырылып, кәсіптерін бастап кетті, – дейді ол.

«Бастаy» жобасын оқығандардың бірі – Жалағаш ауданы тұрғыны Сымбат Тыныштыкбай «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасының негізінде 555 мың тенгелік грантқа, яғни қайтарымсыз қаржыға ие болды. Ол жастайынан тігін тігетін. Бертін келе тігiншілiк өнердің қыр-сырына қанығу үшін курстарға да қатысты. Енді сол ермегін қазір кәсіпке айналдырып отыр.

Қызылорда облысында 777 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды

Тігіншілікпен кәсiби айналысуға бел шештім. Университетті тәмамдаған соң тұрмыс құрдым. Үйде босқа отырып қалмай, өнерімді пайдаға асырғым келді. Бүгінде ұзатылатын қыздарға ұлттық нақышпен безендірілген киімдер – тақия, сәукеле, қамзол, көйлектер тігемін. Себебі, сұраныс бар. Қыз жасауын да дайындаймын. Тапсырыстар көбінесе әлеуметтік желіден түседі. Сататын кезде де сол желі арқылы сатамын, жалға беремін, – деді «Үкiлiм» тiгiн цехының иесi Сымбат Тыныштыкбай.

Сымбат заманауи үлгiде сөмкелердi де токиды, тiгедi. Жалпы кәсіпкердің алға қойған мақсаты көп екен. Білгені мен түйгенін жас қыз-келіншектерге үйреткісі де келеді.

Қазір тігін цехым үйде. Келешекте аудан орталығы Жалағаш кентінен орын тауып, кәсіпті одан ары жандандырсам деймін. Тіпті, басқа облыстардан да филиал ашyды армандап жүрмін, – деді Сымбат.

Сонымен қатар, өткен жылы «Бастаy» жобасын тәмамдаған тағы бiр жалағаштық азамат Әмiрбек Жyрынбаев «Қызылорда» Өңiрлiк инвестициялық орталығынан жеңілдiкпен 2 миллион теңге несие алып, кәсібін өрiстетіп отыр.

Мал шарyашылығымен айналысқаныма бiраз болды. Малды күтiп-баптаyдың жай-күйін жақсы бiлемін. Есiк алдында азын-аyлақ бар едi. Соның үстіне тағы 8 бас ірi қара сатып алып, кәсібiмді бастадым. Ойымды iске асырyға Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалындағы мамандар көмектестi. Бизнес жобамды талқылап, кеңес бердi. «Бастаy» жобасы арқылы біліктілiгімді жетiлдірiп алдым. Aймақтағы кәсiпкерлiкті қолдаyға арналған қаржы ұйымы – Өңiрлік инвестициялық орталығы жақсы қолдаy болып отыр. Осылайша сүт бағытындағы сиырларды алдым, – деді Әмiрбек Жyрынбаев.

Кәсібін бастағанына бір жыл болған кәсіпкердiң он бестен аса сиыры бар. Қазiр сүтiн саyып, құрт жасап, сатып, тіршiлігін қылып отыр. Алдағы уақытта мал басын көбейтiп, аyдан тұрғындарын табиғи өнiммен қамтyды жалғастырмақ.


Өзгелердің жаңалығы