Қызылорда облысында 236 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

6 Қаңтар 2021, 11:56
2386
Бөлісу:
Қызылорда облысында 236 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 61 қылмыстың орын алғаны анықталды. 

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен онлайн брифингте агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов мәлім етті.

Оның айтуынша, олар жедел іздестіру мен тергеу қызметінің нәтижесінде анықталған фактілер. 2019 жылы осыған ұқсас 115 қылмыс тіркелген болатын.

Өткен жылы департамент осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырды. Анықталған 61 фактінің 47 пайызы парақорлықпен, 16 пайызы жымқыру мен алаяқтықпен байланысты. Өндірісте барлығы 71 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер болды, оның 36-сы сотқа жолданды, - деді ол.

Брифингте келтірілген мәліметтерге сүйенсек, аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 1 млрд-тан астам, оның 94 пайыздан астамы өндірілді. 

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 11 адам сот үкімімен әртүрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы сәйкес 61 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 55 ұсыныс қаралды. Нәтижесінде 236 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, біреуі қызметінен босатылып, жеті адам жұмыстан шығарылды, - деді департамент басшысы.
Өзгелердің жаңалығы