Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жол картасына бөлінген қаражаттың 50%-ы игерілгенін айтты.
Сөзінше, ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында қалыптасып отыр.
Министр Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру жалғасып жатқанын айтты.
Ведомствоаралық комиссияда барлығы 241 жоба бекітілген. Оның 225 жобасы бойынша жұмыстар істеліп жатыр. Жол картасы жобаларында 7 700 адам жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде бұл жоспардың 68%-ын құрап отыр. Жұмысқа тұрған азаматтардың 67%-ына міндетті зейнетақы жарналары түсті. Қалған азаматтар бойынша министрлік бақылауда ұстап отыр, - деді ол.
Шәпкеновтің сөзінше, бүгінде жол картасына бөлінген қаражаттың 50%-ы игерілді. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында қалыптасып отыр.
Қызылорда облысында жол картасы шеңберінде 9 жоба жоспарланған болатын. Оның конкурстық рәсімдерінің кеш басталуына байланысты қазір 4 жобада ғана жұмыс істеліп жатыр. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің тек 13,8%-ы ғана игерілді, - деп айтты Серік Шәпкенов.
Алматы облысы бойынша жол карталарында 2 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі күні 84 адам ғана жұмысқа орналасты.
Осыған орай министр Маминнен өңір әкімдеріне жол картасын толық іске асыруға бақылауды күшейту бойынша тапсырма беруді сұрады.