«Қызыл кітапқа» енген ағаштарға зақым келтірудің жазасы қандай?

10 Желтоқсан 2020, 10:38
3355
Бөлісу:
«Қызыл кітапқа» енген ағаштарға зақым келтірудің жазасы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері туралы онлайн Үкімет отырысында айтты. 

Соңғы кезде елді мекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және жою деректері орын алғаны белгілі. Осыған орай, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы тәртіпбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараны пысықтады, - деді ол. 

Мырзағалиев ИИДМ жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғаудың үлгілі қағидаларына толықтыру енгізгенін айтты.

 Оған сәйкес, «Қызыл кітапқа» енген ағаштарды заңсыз кесу, зақымдау кезінде 30 есе мөлшерде компенсациялық ағаш отырғызу және жеке, заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желектерді жойған үшін 10 есе мөлшерде ағаш отырғызады. Бұрын бұл қағидалар болмаған, - деді ол. 

Мырзағалиев орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды есептеу үшін базалық ставкаларға өзгерістер енгізілгенін айтты. 

Үкімет қаулысының тиісті жобасы да осы аптада қабылданды. Оған сәйкес, «Қызыл кітапқа» енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6 айлық көрсеткіштен 1 мың айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы