«Қызыл аймақтар» көшін бастаған ШҚО-ның бас санитары қаулыға өзгеріс енгізді

22 Қараша 2020, 13:30
1501
Бөлісу:
«Қызыл аймақтар» көшін бастаған ШҚО-ның бас санитары қаулыға өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев келесі құжаттарды қарастыра отырып, №24 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы,2020 жылғы 17 қарашадағы  шешімдерін;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62;                  

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 қаулыларын;

- «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

- «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

- Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысында ішкі әуе және теміржол қатынастарында COVID-19 бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» 2020 жылғы 31 қазандағы № 59 қаулысын,

- CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтер.

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы – 17,3%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,93, ШҚО CОVІD-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» жатқызылғанын анықтадым. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасы, 2-тармағының 3)-тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, қаулы етемін, - делінген құжатта.

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 24 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1). 2-тармақ 8-тармақшамен толықтырылып, келесі редакцияда  жазылсын:

«8) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдерінен запасқа шығарылатын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруді қамтамасыз ету»

2). 9-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік субъектілер:

алдын ала жазылу бойынша, келушілер үшін күту бөлмесі/залы жабық болған кезде: 

- автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері;

- жеке қызмет көрсетумен (бір клиентке): ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды,  химиялық тазалауды, кір жуу орындарын, фотосалондарды жөндеу объектілері, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кететін тағамдар);

- ЖҚС (жанармай құю станциялары)»;

Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаның орындауы үшін міндетті. Осы қаулы барлық мүдделі ведомствоның назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Қаулы 2020 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады, - делінген қаулы мәтінінде.

Өзгелердің жаңалығы