«Қызыл» аймақтан шыққан ШҚО-да карантин тағы да ұзартылды

2 Желтоқсан 2020, 16:47
2182
Бөлісу:
«Қызыл» аймақтан шыққан ШҚО-да карантин тағы да ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев ШҚО халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы қабылдады.

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы – 14,5%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,85%, анықтадым. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде қаулы етемін. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 04 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 17 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін, - делінген құжатта.
  1. Қалалар мен аудандар әкімдері:

1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтауды;

2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асыруды;

3) Халыққа жеке меншік үйлер мен құрылыстарда сонымен қатар жалға алынған үйлер мен құрылыстарда корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілмеуіне бақылауды қамтамасыз етуді;

4) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жалғастыруды;

5) пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:

- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізу және ылғалды жинауды;

- аула және балалар алаңдарының аумақтарына күнделікті жинауды жүргізу барлық жабдықтарды, шағын сәулет нысандарын балалар алаңдары мен оларға іргелес аумақтарды кестеге сәйкес дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялық өңдеуді;

- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыруды;

6) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайтуды;

7) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимарат үй-жайларына, қоғамдық көліктерде, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруды;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдерінен запасқа шығарылатын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтулерін қамтамасыз етсін.

  1. Өскемен, Курчатов қалаларының, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардағы санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

1) 24 санитариялық бекеттің:

- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы (3 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары тарапынан 6 санитариялық бекеттің,

- Облыстың аурушаңдық деңгейі жоғары елді мекендерінде (Өскемен қаласы-7 бекет, Риддер қаласы-1 бекет, Алтай қаласы-2 бекет, Серебрянск қаласы - 1 бекет, Жаңа Бұқтырма кенті-1 бекет, Глубокое ауданы-2 бекет), 14 санитариялық бекеттің,

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін  жалғастырсын.

Санитариялық бекеттердің жұмыс істеу режимі мен мерзімдері COVID-19  коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін;

2) осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Бұл ретте, облыс орталығына келуін қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілсін;

3) осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдар санатына санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен жағдайда) рұқсат берілсін.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттер арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;

5) барлық жұмылдырылған қызметті биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған жағдайда (респираторлы белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;

7) күдікті адамға жедел медициналық жәрдем көлігі келгенге дейін медициналық маска беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін.

  1. Мыналарға:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;

2) ойын-сауық мекемелерінің жұмыс істеуіне (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, PlayStation және басқа да ойын клубтары/орындары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер, фудкорттар);

3) облысішілік автобустардың (Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Опытное поле және Ушанов ауылына, Белоусовка кентіне қызмет көрсететін маршруттарды қоспағанда), облыс аудандары мен қалалары арасында шағын автобус және өзге де жолаушылар тасымалының, сондай-ақ автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушылар көлігінің өзге де кәсіпорындарының жұмыс істеуіне;

Бұл ретте санитариялық бекеттен өту кезінде аталған маршруттардың қоғамдық көлік құралдарының жүргізушілері «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген белгіленген үлгідегі куәлікті (хабарламаны), жол парағын, қозғалыс кестесін көрсетеді.

4) ҚР БМСД 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145 бабына сәйкес, Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізген кезде аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуге;

5) облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым салу сақталсын.

  1. 5. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтаған кезде халықтың көшелерде және скверлерде, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, серуендеу аймақтарында жүріп-тұруларына рұқсат етілсін.
  2. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған) жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда және медициналық ұйымдарда қызметкерлерді және пациенттерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау), карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық режимнің күшейтілуі жалғастырылсын.

Әлеуетті ата-аналар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру арқылы теріс нәтижелерін алған күннен бастап 3 күннен аспаған құжатты ұсынған кезде балалар үйлеріне жетім балалармен кездесу үшін, оларды одан әрі асырап алу үшін, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне баруларына рұқсат етілсін.

ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру арқылы теріс нәтижелерін алған күннен бастап 3 күннен аспаған құжатты ұсынған кезде медициналық-әлеуметтік объектілерге Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының баруына рұқсат етілсін.

  1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген санитариялық ережелерді, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтағанда, белгі салынғанда, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін мыналар үшін:

7.1 демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін:

1) қоғамдық тамақтану объектілері үшін келесі қызмет тәртібі белгіленсін:

- көпшілік, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмаған жағдайда;

Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады;

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, мектепке дейінгі тәрбие объектілеріне, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуы отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады;

7.2 демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс режимі сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін:

1) Риддер қаласы, Глубокое және Алтай аудандары үшін (жабық және ғимараттан тыс орналасқан) азық-түлік базарларының және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі:

- толтырылуы 30%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болғанда;

2) театрлар:

- толтырылуы 50% дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде залдағы адамдар саны 100-ден аспаған жағдайда рұқсат етілсін.

7.3 жексенбі және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, қолданыстағы жұмыс режимі:

1) ғимарат ішінде орналасқан азық-түлік базарлардың және азық-түлік сатпайтын базарлардың сондай-ақ ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі:

- толтырылуы 30%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;

2) Азық-түлік сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, СОО), осыларда орналасқан дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерін қоспағанда:

сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м2 астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 м2 кем емес болған жағдайда;

- шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік сатпайтын  сауда объектілері демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері объектіні келушілер үшін жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады;

3) меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары) және жабық құрылыстардағы мұз айдындары:

- көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамнан аспайтын мөлшерде) және топтық (қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын мөлшерде) жаттығуларды өткізуге;

4) фитнес-орталықтар/клубтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, СПА орталықтар/салондар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері:

- толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 5 м.ш. кем емес болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір адамға 5 м.ш.қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша;

5) моншалар, сауналар:

- бассейндердің (жеке форматта, су айнасының бір адамға 5 м.ш.есебінен), бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес және толтырылуы 50% аспаған жағдайда;

6) кітапханалар, мұражайлар.

7) тәулік бойы (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жерасты позициялау және т.б.) мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды қоспағанда, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, қызметтер: адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т. б.).

8) халыққа қызмет көрсету жөніндегі абоненттік бөлімдер бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе топтық 3 адамнан аспаған жадайда;

9) балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары:

- топтың толтырылуы 15 адамнан аспаған кезде және алдын ала жазылу бойынша;

10) мәдениет объектілері:

- қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар;

11) сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар (салондар және т. б.), массаж және татуаж косметологиялық қызметтер, көрсететін объектілер:

- 1 келушіге ауданы кемінде 4 м.ш., алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;

7.4 Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі апта күндері бойынша шектеусіз, сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.

7.5 жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маска киюлері шарт.

7.6 ғимараттардан тыс орналасқан мұз айдындары киім ауыстыру және келушілерді күтуге арналған үй-жайларды жаба отырып, 1 адамға ауданы 10 м.ш. мұз айдыны есебінен және толтырылуы 50%-дан аспаған жағдайда, аптаның күндері бойынша шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.

  1. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгі салғанда, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін бұрынғы қолданыстағы жұмыс режимі:

1) Азық-түлік сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, зоодүкендер)  дәріханалар мен дәріхана бөлшек сауда желісі үшін:

- сауда залының ауданы 50 м.ш.  дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай  және  1 келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда жол беріледі;

2) медициналық орталықтар, стоматологиялар үшін:

- алдын ала жазылу бойынша;

3) туризм объектілері және халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдар үшін (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.);

- толтырылуы 80%-дан аспаған жағдайда;

4) діни бірлестіктер объектілері үшін (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.)

- жеке, белгіленген талаптарды сақтай отырып және бұқаралық, ұжымдық іс-шаралар өткізбей және сол жерде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, бір келушіге кемінде 5 м.ш. алаңды қамтамасыз ете отырып;

5) мектепке дейінгі балалар ұйымдары үшін:

- 15 адамнан аспайтын кезекші топтармен;

6) білім беру ұйымдарында кезекші сыныптары мектепалды, 1-5 сыныптарда білім алушылар үшін және 5-тен 300 адамға дейінгі контингенті бар білім беру ұйымдары үшін:

- ата-аналардың өтініші бойынша, 15 баладан аспайтын сыныптардың жиынтығын сақтаған кезде;

7)  халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік субъектілер үшін:

- алдын ала жазылу бойынша, келушілер үшін күту бөлмесі/залы жабық болған кезде: автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және көлік құралдарын жөндеу объектілері үшін;

- жеке қызмет көрсететін (бір клиентке): ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды, химиялық тазалауды, кір жуу орындарын, фотосалондарды жөндеу объектілері, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кететін тағамдар);

- ЖҚС (жанармай құю станциялары) сақталсын.

8) Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, халыққа жеке-жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтарда оңалту қызметтерін көрсететін объектілердің жұмыс істеуіне жол берілсін.

  1. Санитариялық ережелер мен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған кезде:

1) Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚО жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) және сенбі күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін шектеу;

2) «Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелерінің жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, қызметті барынша онлайн-форматта көрсету;

3) Қаржы секторы субъектілері (екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) және ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығының талаптарын сақтау;

4) мектептерде кезекші сыныптарды қоспағанда қашықтықтан оқыту форматы;

5) тікелей режимдегі кеңестер (отырыстар) (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

6) ұлттық құрама, клубтық командалар үшін бір мезгілде 30-дан аспайтын мөлшерде  адамдарды жинаумен  спорттық жаттығулар өткізу;

7) Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) бір мезгілде 100-ден аспайтын мөлшерде адамдарды жинаумен, көрермендердің қатысуынсыз (бос мінбелерде) өткізу;

8) облыстық командаларды дайындау үшін бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде, көрермендердің қатысуынсыз (трибуналар бос болған кезде) оқу-жаттығу жиындарын өткізу.

9) ауыл шаруашылығы, және азық-түлік жәрмеңкелерін ашық ауада өткізу жалғастырылсын.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жұмысты жалғастырсын және:

1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік  қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейтуді және халыққа байланыссыз термометрия жүргізуді;

2) учаскелік қызметтің жұмысын баянаттар мен материалдарды ресімдей отырып, кейіннен материалдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға тапсыра отырып, жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу, қайырмалдықтар және т. б.) анықтауға бағыттауды;

3) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

4) карантиндеу орындарын күзетуді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы:

1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын;

2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын;

3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін.

4) үй карантині кезінде қашықтықтан бақылау үшін мобильді қосымшаны және басқа да  мобильді қосымшаларды пайдалану ұсынылсын.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) InfoKazakhstan.kz сайттында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

4) шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін, кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін, уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында InfoKazakhstan.kz сайттын пайдалануды;

5) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);

6) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) мобильді мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) халықтың елді мекендерде, ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте жүріп-тұру кезінде санитариялық –профилактикалық, санитариялық – профилактикалық шектеу шараларын соның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтсін;

3) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын;

4) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалар/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстардың жүргізілуін:

- карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы;

- қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселелер бойынша адамдардың сауаттылығын арттыру туралы;

- енгізілетін санитариялық талаптар және  бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы;

- қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету туралы;

- адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу туралы қамтамасыз етсін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б.);

5) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандырсын;

6) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отырсын.

  1. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің жұмыс берушілер мыналардың орындалуын және:

1) республиканың басқа өңірлерінен, облыстардан вахталық ауысымға шығуды жоспарлайтын жұмыскерлердің жұмыс орнына шығудан бес күн бұрын, жұмыс берушінің қаражаты есебінен CОVІD-19 зертханалық тексеруден өтуін;

ПТР тестілеуінің оң нәтижелері бар қызметкерлерге вахтаға шығуға тыйым салынады. Олар медициналық ұйымдарға бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етіп, жедел медициналық көмекті (мобильді топты) 103 нөмірі бойынша үйге шақыруы керек;

2) қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін кәсіпорынның медицина қызметкерлері қызметкерлердің жалпы жағдайын тексеріп, CОVІD-19 зертханалық ПТР тексерудің теріс нәтижесінің бар-жоғын тексеріп, қызметкерлердің орталықтандырылған жинау арқылы жүзеге асырылуын;

3) CОVІD-19 зертханалық тексеруді куәландыратын құжаты жоқ адамдардың жұмысқа және вахтаға шығуына жол берілмеуіне бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерге сәйкес және басқа да НҚА және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілердің санитариялық-эпидемиялогиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;

2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;

3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;

4) 65 жастан асқан қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда) қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтасын (штаттық кестеде 40-дан астам қызметкер болған жағдайда).
  2. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханалар:

1) ҚДСҰО ҒПСЭСМ филиалымен бірлесіп міндетті түрде сапаның сыртқы бағалауын жүргізсін (ретестілеу, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіби тестілеу);

2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес үш орамның талаптарын сақтай отырып, бекітілген нысан бойынша ілеспе жолдамаларымен бірге сынамаларды ретестілеуге ҚДСҰО ҒПСЭСМ ай сайын жеткізуді қамтамасыз етсін;

3) ШҚО ТКҚСҚБД, оның қалалары мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) тегі бойынша тізімдер мен хабарламаларды ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларына (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсынсын.

  1. Жеке тұлғалар:

1) маскалық режимді сақтауды қамтамасыз етсін:

Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды:

- ашық ауада (көшеде, үйден тысқа шыққанда), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында;

- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде;

 -қоғамдық көлікте, соның ішінде таксиде;

- COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) немесе ПТР немесе жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.

2) кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты:

- отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда не қызметіне рұқсат етілген объектілерде болған және жүріп-тұрған кезде сақтау.

Халықтың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кимеуі келесі жағдайларда:

- 5 жасқа дейінгі балаларға;

- жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 адамнан аспаған жағдайда;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда;

- өкпенің созылмалы аурулары бойынша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА); өкпенің созылмалы спецификалық емес аурулары (ӨССА): өкпенің эмфиземасы, бронх демікпесінің ауыр түрлері, созылмалы облитерациялайтын бронхиолит, бронхоэктатикалық ауру, муковисцидоз, биссиноз және т. б.; декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) және басқалары) растайтын құжаттары болған кезде,

- жеке көлікте (жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен);

- елді мекеннен тыс жерлерде (табиғатта) жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен;

- заңнамада тыйым салынбаған жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде жауапкершілікке әкеп соқтырмайды.

3) денсаулық жағдайының миниторингісін:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуді;

- КВИ ауруы, КВИ-ны жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді;

4) жаппай отбасылық салтанатты және еске алу шараларын оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын, қызметіне тыйым салынған объектілерге баруға жол бермеуді;

5) COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, аза тұту және жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимін сақтай отырып және іс-шараға 10 адамнан (жақын отбасы мүшелерінің қатарынан) артық жиналуына жол бермеуді;

6) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын;

Үйден дәріханаларға шығуға, жұмысқа (жұмыс істейтіндер үшін), төлемдер, зейнетақы және т. б. алу үшін мекемелерге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, жақын маңдағы жұмыс дүкенінен сатып алу үшін, үй жануарларын серуендеуге, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа басқа тікелей қауіп төнген жағдайда» рұқсат етіледі.

7) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, кез келген жағдайдың нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін.

8) COVID-19 диагнозы расталған адамдар, COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупі жоғары адамдар ретінде:

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатқа қол қоюға, алуға және үй карантині талаптарын сақтауға;

- карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтауға;

- карантин жағдайында болған кезінде инфекцияны жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға;

- медициналық қызметкерлердің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге;

- жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

- өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін дереу хабардар етуге (карантин кезеңінде 14 күн);

- мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын немесе қаулыларын өз құзыреті шегінде орындауға;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинінде болу мониторингісін қашықтықтан сақтауға;

- қаулылардың талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Теміржол және авиакөлік объектілерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес жүргізіледі.
  2. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  3.  

-«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 10 қарашадағы № 24,

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 қарашадағы № 24-1;

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 22 қарашадағы № 24-2;

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 24-3 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2020жылғы 04 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
Өзгелердің жаңалығы