«Қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде су көлігін пайдалануға тыйым салынады

19 Шілде 2021, 20:37
1444
Бөлісу:
«Қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде су көлігін пайдалануға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ж. Уразалина cу көлігі объектілеріндегі шектеу және карантин шараларын күшейту туралы қаулы қабылдады.

Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексінің 104-бабына сәйкес Қазақстан халқы арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін, - делінген ведомство басшысының қаулысында.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, су көлігінің меншік иелері, құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдар ерекше өкімге дейін қауіптілігі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлердегі теңіздерде, өзендерде, көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және басқалар) пайдалануға тыйым салуды; су көлігінің меншік иелеріне ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін пайдалануға тыйым салу бойынша шектеу сипатындағы қабылданған шаралар туралы түсіндіре отырып, карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігінің (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және басқалар) меншік иелері (заңды және жеке тұлғалар) ерекше өкімге дейін қауіптілігі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде осы су көлігі объектілерін пайдалануды тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдауы қажет, - делінген құжатта.

Айта кетейік, қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы