Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды

24 Қаңтар 2021, 20:15
958
Бөлісу:
Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар Қытайдың Шаньдун провинциясында алтын өндіретін шахтада болған жарылыстан 11 адамды алып шықты.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, алғашқы құтқарылған кеншіні жергілікті уақыт бойынша 11:13-те алып шыққан. Ер адам ауыр жағдайда болған, оны дереу ауруханаға жеткізді. Құтқару операциясына 633 адам мен 407 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда аталған шахтада жарылыс болып, 22 адам жер астында қалып қойған болатын. Құтқарушылар 12 кеншімен ғана байланыс орната алды, олардың біреуі кейіннен қаза тапты. Қалған он адамнан әзірге хабар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы