Қытайда банан арқылы жаңа вирус тарап жатыр

28 Желтоқсан 2020, 23:45
1772
Бөлісу:
Қытайда банан арқылы жаңа вирус тарап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнет қолданушылары Синьхуа (Қытай) ауруханасында 23 адамның өліміне себеп болған n7n9 жаңа вирусы туралы ескертуде. 

Хабарламаға сәйкес, қорқынышты аурудың қоздырғышы бананда болады. Алайда, бұл Ресей мен Украинада жыл басында тараған жалған ақпарат.

Кеше түнде Синьхуа ауруханасында n7n9 вирусын жұқтырған 23 адам қайтыс болды. Ең үлкені 35-те, ең кішісі бір жаста болған. Олармен байланыста болған дәрігерлер карантинге жатқызылды. Басты арнаның жаңалықтарында бананды, әсіресе оңтүстіктен әкелінген бананды уақытша алмауды өтінді. Бұл хабарламаны өзіңіз алаңдайтын адамдарға, чаттарға жіберіңіз. Таратыңыздар, өтініш. Банан жеуді азайтыңыз!, – делінген хабарламада.

Қытайда банан арқылы жаңа вирус тарап жатыр

Жыл басында Ресей мен Украинада желі қолданушылары осы мәтінді бір-біріне таратқан. Алайда, N7N9 деген вирус жоқ.

StopFake порталының хабарлауынша, бұл жерде құс тұмауы вирусының штамы жайлы айтылуы мүмкін – H7N9. Ол ауа тамшы жолдарымен беріледі. Аурудың қоздырғышы жемістердің ішінде өмір сүре алатындығы және олар арқылы берілетіні туралы мәліметжоқ. Құс тұмауының ошағы 2013 жылы Нидерланд, Италия, Канада, АҚШ, Мексика және Ұлыбританияда тіркелді. Көп жағдайда инфекция үй құстарынан табылған. Нидерландта бір адам қайтыс болды, басқа жағдайларда ауру конъюнктивит және жоғарғы тыныс жолдарының жеңіл белгілері түрінде өткен.

Өзгелердің жаңалығы