Қытай Олимпиада ойындарын өткізуге дайын

Қытай Олимпиада ойындарын өткізуге дайын
483

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда қысқы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ұйымдастыру комитеті хабарлады, деп жазды Хабар24.

Еске сала кетсек, Олимпиада 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Одан кейін екі апта бойы паралимпиадашылар өзара мықтыны анықтайды.  Қысқы Олимпиадаға 3 мыңдай, ал паралимиадаға 736 спортшы қатысады. Жарыстар Бейжің және осы шаһарға іргелес Яньцин ауданы мен көрші провинциядағы Чжанцзякоу қаласында өтеді. Қатынау ыңғайлы болу үшін қалааралық пойыздар, автобустар мен такси қызметі ұйымдастырылады. 

Ал автоөкліктер үшін жолда арнайы жолақ бөлінеді. Спортшылар Олимпиада ауылында орналасады. Белгілі болғандай шетелдіктер жарсты өз көзімен көре алмайды. Ал жергілікті көрерменге қатысты мәселе әлі шешілген жоқ.  

Бармайтын шығармын, өйткені ойын аяқталғаннан кейін карантинде отыру керек. Қытайда өтіп жатса да, оған қатыса алмайтыным өкінішті, - дейді тұрғындар.
Қазан айында Қытай Халықаралық олимпиада комитетімен бірлесіп, індетке қарсы ортақ ережені әзірледі. Олимпада өтетін аумақта спортшылар, тілшілер мен көрермен емін-еркін қозғалады. Алайда сыртқа шығудың арнайы тәртібі бар. 
Жабық аумақтан шығудың екі жолы бар. Жарысқа қатысқан шетелдіктерден 48 сағат бұрын ПТР-тест алынып, халықаралық рейстерге қажетті құжатты беріледі. Ал ойындардан кейін Қытайда қалатындар карантинге жіберіледі. Оқшаулану мерзімі жарыс кезінде істеген жұмыс орнына байланысты болмақ, - деді Бейжің қысқы Олимпиадасы ұйымдастыру комитеті насихат бөлімінің жетекшісі Чжао Вэйдун.

Ұйымдастыру комитеті әлемдегі эпидахуалды жіті бақылап отыр. Сақтық шаралары да күшейген. Ал қазан айынан бері Олимпиада нысандарында 8 халықаралық жарыс өтті.




Фото: ашық дереккөз