Қытай мен Ресей «Талибанның» билігін мойындамақ

16 Тамыз 2021, 21:49
5142
Бөлісу:
Қытай мен Ресей «Талибанның» билігін мойындамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай мен Ресей Ауғанстанда билікті басып алған «Талибанның» ауған халқын басқаратынын мойындауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы DailyMail жазды.

Анықталғандай, аталған мемлекеттер тәліптермен достастық қарым-қатынас орнатуға ниетті. Сонымен қатар олар билікті бейбіт жолмен тапсыруға шақыруда.

Сондай-ақ Ресей өз елшілігін елден эвакуацияламайды. Себебі тәлібтер Ресейдің димломатиялық персоналының қауіпсіздігіне кепілдік берген.

РФ СІМ Кабулда жаңа билікпен қызметтік қарым-қатынастарды орнатқаны жөнінде хабарлады.

Ресейдің Кабулдағы елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ресейдің шетелдік мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа билік өкілдерімен қызметтік қарым-қатынас орнатылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ресейлік СІМ-нің мәліметінше, Кабулда және жалпы Ауғанстанда жағдай түзеліп келеді. 
Тәлібтер қоғамдық тәртіпті орнатуға кірісті. Сонымен қатар шетелдік дипмиссиялар мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік берді. Барлық ауған тарапын зорлық-зомбылықтан бас тартып, елде барлығын бейбіт жолмен шешілуге септесуге шақырамыз, - делінген хабарламада.
France 24 хабарлағандай, Қытай СІМ баспасөз хатшысы Хуа Чунин мәлімдеме жасаған. Айтуынша, «Талибан» республикамен қарым-қатынасты дамыту туралы және Ауғанстанды қалпына келтіру туралы бірнеше мәрте мәлімдеген.
Қытай ауған халқының өз тағдырын өз бетінше анықтау құқығына сыйластықпен қарап, Ауғанстанмен достық қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын, - деді Чунин.
Бұл ретте палестиналық ХАМАС тобы «Талибан»-ды билікке қол жеткізгенімен құттықтап үлгерді.
Өзгелердің жаңалығы