Қытай елшілігінің Жаңа жыл кеші Димаштың әнімен ашылды

4 Ақпан 2021, 17:43
2576
Бөлісу:
Қытай елшілігінің Жаңа жыл кеші Димаштың әнімен ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін онлайн режимде атап өтіп жатыр.

Қазақстандағы Қытай елшілігінің қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «We Are One» («Біз біргеміз») әнімен ашылды.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнап түсірген.

Қытай елшілігінің Жаңа жыл кеші Димаштың әнімен ашылды

Естеріңізде болса, «We Are One» («Біз бірміз») әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат иеленген болатын.

Бейнебаянның толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

Жаңа жыл кешінде Димаштан бөлек басқа да өнерпаздар өнер көрсетіп жатыр. Айтап айтсақ, Гәкку би ансамблі, Ұлттық музыкалық аспаптар ансамблі, қазақстандық және қытайлық әншілер.

Айта кетейік, пандемияға байланысты Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы елшілінің барлық қызметкері Қазақстанда қалуларына тура келді. Олар бүгін отбасылық мерекені қазақстандықтармен бірге онлайн форматта атап өтуде.

Сондай-ақ Қытай елшісі Чжан Сяо қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы