Қазақстан-Қытай қатынастарының негізін ешкім бұза алмайды – елші

4 Ақпан 2021, 17:28
3006
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай қатынастарының негізін ешкім бұза алмайды – елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо онлайн концерт кезінде айтты.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін онлайн режимде атап өтіп жатыр.

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо гала-концертті ресми түрде ашып, қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, тілегін жеткізді.

Елші айтқандай, Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл - бұқа жылы. 

Қытайлықтардың пікірінше, бұқа күш, еңбекқорлық, табандылық, адалдық пен байлықты бейнелейді. Бұқа адамның адал досы болғандықтан, сенім, беріктік және денсаулық әрқашан онымен байланысты. Сондықтан қытайлар бұқа жылын жарқын болашаққа деген үмітпен байланыстырады. 

Өткен 2020 жыл өте қиын жыл болды. Пандемия біздің өмір салтымызды өзгертіп, миллиондаған адамның өмірін қиған жыл болды. Біз қарым-қатынаста да, бизнесте де жаңа форматқа ауысуға мәжбүр болдық. Қазіргі пандемия бір-бірімізге мұқият болуға, бағалауға, денсаулығымыз бен отбасымызға көбірек көңіл бөлуге және жауапкершілікті болуға үйретті, - деп атап өтті Чжан Сяо онлайн мерекелік кеште.

Дипломаттың сөзінше, өткен жыл екіжақты қарым-қатынастарды дамыту тұрғысынан да жемісті болды. Пандемия екі елдің арасында антиковидтік ынтымақтастықты орнатты. 

«Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық» деген сөздер екі ел арасындағы қатынастардың қазіргі даму динамикасын көрсетеді. Қытай мен Қазақстан жай ғана көрші емес, оларды ортақ тарихи және рухани мұраға құрмет, өзара сенім байланыстырады. Пандемияға қарамастан іскерлік ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыс тоқтаған жоқ. Тек онлайн режимге ауыстырылды. Мұның бәрі көрші елдердің ғасырлар бойғы достығы мен татуластығын көрсетеді. Бұл қатынастардың негізін ешкім бұза алмайды, - деді ол.

Көктем мерекесі - бұл Қытайдағы ең салтанатты мереке. 

Қытай мәдениетіне терең бойламаған адамдар үшін бұл мереке қытайлықтардың жүрегінде қандай орын алатынын елестетуі қиын. Бұл - отбасылық мереке. Оны міндетті түрде бүкіл отбасымен қарсы алады. Бірақ өкінішке қарай пандемияға байланысты, біз, Қытай елшілігінің қызметкерлері Қазақстанда қалуға мәжбүрміз. Біз қазақстандық достарымызға осы маңызды сәтте бізбен бірге болғандары үшін өте ризамыз, - деп түсіндірді елші.

Чжан Сяо жаңа бұқа жылы адал болып, әлемдегі барлық нәрсені өз орнына қайтарады деген сенім білдіріп, сәтті, мейірімді, қуанышты және жай ғажайыпқа айналсын деді.

Өзгелердің жаңалығы