Қысқы серуен кезінде тұмауратып қалмас үшін не істеу керек?

2 Қаңтар 2021, 14:48
2950
Бөлісу:
Қысқы серуен кезінде тұмауратып қалмас үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қысқы серуен кезінде тұмауратып қалмас үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау қажет. 

Медицина ғылымдарының кандидаты, оториноларинголог Владимир Зайцев қыс кезінде далада серуендеудің ережелерін түсіндірді, деп жазды aif.ru.

Ең алдымен, дұрыс тыныс алу керек. Терең демалмай, бірқалыпты тыныстаған дұрыс. Сол арқылы ағзаға суық ауа кіріп кетпейді, - деді ол.

Маман серуендеуге шықпас бұрын жылы шай алып шығуға кеңес берді.

Суық, әрі газдалған сусын ішпеген дұрыс. Сондай-ақ далаға шығарда кофе де ішпеген дұрыс. Өйткені ол бірден ағзаны қуаттандырғанымен, біраз уақыттан соң адам әлсіреп қалады, - деді дәрігер.

Оның айтуынша, шарфпен бетті, ауызды жаппаған дұрыс.

Серуендеген кезде қорғаныс маскасын тақпай-ақ қоюға болады. Ашық ауада инфекция жұқтыру қаупі азаяды. Бұдан бөлек суық күндері маска тағып жүрсеңіз, ыстық демнен маска суланып, бетке жабыса беретін болады, - деп түйіндеді ол.


Өзгелердің жаңалығы