Қыркүйекте оқушылар мектепке орала ма?

30 Маусым 2021, 13:31
8141
Бөлісу:
Қыркүйекте оқушылар мектепке орала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз конференциясында «Жаңа оқу жылында балалар мектепке орала ма?» деген сұраққа пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына мектептер, колледждер мен ЖОО-ларды толықтай дайындауды тапсырды. Бұл 1 қыркүйектен бастап балалардың мектепке қайта оралатынын білдіре ме? Жалпы мектептегі мұғалімдерді вакцина алуға ынталандыру қалай жүргізіледі? деген журналистің сұрағына қала әкімі жауап берді.

Балалар мектепті сағынғанын білеміз. Ата-аналар да. Дегенмен қашықтан білім беру дәстүрлі білім беруден айтарлықтай айырмашылығы бар. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл жұмысқа дайындалып жатырмыз. Ол үшін алдымен не істеу керек? Ең алдымен барлық педагогикалық құрам вакцина алуы керек, - деп айтты ол.

Көлгіновтің айтуынша, бүгінгі күні 60%-дан астам педагог вакцина алған.

Қазіргі күні дәрігерлермен жастарды да вакциналау бойынша кеңесіп жатырмыз. Бүгін бізде 18 жастан жоғарылар ғана вакцина ала алады. Бірақ біз Израильде 18 жасқа жетпеген балаларды да вакциналап жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен уақыт көрсетеді. Қазір алдымен барлық мұғалімді вакциналауымыз керек. Сол кезде ғана мектептерді ашуға дайын боламыз, - деп жауап берді Көлгінов журналистің сұрағына.

Әкім вакцина алуға қарсы көрсеткіші бар педагогтар екпеден босатылатынын айтты.

Бұған дейін қала әкімі елордада вирустың анықталуы 6 есеге көбейгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы