Тұрғымбаев: Қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту – қоғамның құқық қорғау саласындағы ең өзекті сұранысы

12 Шілде 2021, 14:13
1841
Бөлісу:
Тұрғымбаев: Қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту – қоғамның құқық қорғау саласындағы ең өзекті сұранысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі заманғы пенитенциарлық жүйенің жай-күйі туралы мәселелерді Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, заңгерлер, қазақстандық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ құқықорғаушылар «Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе» халықаралық онлайн-форумында кеңінен талқыланды.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өткен форум жұмысына 150-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық адам құқықтары саласындағы сарапшылармен қатар, Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларус елдерінің дипломатиялық миссиялары мен халыралық ұйымдарының басшылары бар.
Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту қоғамның құқық қорғау саласындағы ең өзекті сұраныстарының бірі болып қала беретінін атап өтті.


Оның айтуынша, 2019 жылы өткізілген Форум осы диалогтың негізін қалағанын, оның нәтижелері бойынша ұлттық заңнамалық актілерге сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту және оларды ұстау жағдайларын жетілдіру бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Президент отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажеттігі туралы мәлімдеді. Ал министрлік қылмыстық-атқару жүйесінің проблемаларын шешуде нақты нәтижелерді көрсетуі тиіс, - деді министр.

Сонымен қатар ІІМ аталған барлық реформалардың басым мақсаты ретінде бірінші кезекте, адам құқықтарының сақталуын, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуды, олардың жұмыспен қамтылуын дамытуды, пенитенциарлық инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды айқындады.

Сотталғандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, заңбұзушылықтардың алдын алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ІІМ пенитенциарлық мекемелерді жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы