Қылмыс саны 4,7 пайызға артты. Милюк тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтты

1 Сәуір 2021, 14:45
1591
Бөлісу:
Қылмыс саны 4,7 пайызға артты. Милюк тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ІІО қабылдап жатқан шаралар туралы брифингте айтты.

Соңғы 5 жылда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс саны 3 есеге қысқарды. Алайда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы ушықты. Былтыр осындай қылмыс саны 4,7 пайызға артты. Оған қоса тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендердің 50 пайызы әйел болса, 6,4 пайызын кәмелетке толмағандар құрады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 81 пайызы жұмыс істемеген, - деді ол. 

Мюлик атап өткендей, полиция органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы әдіс қолданатынын айтты. 

Өткен жылы полиция қызметкерлері 97 мың нұсқаулық беріп, 10 мың іс бойынша сот құқықбұзушыларға қатысты арнайы шешім қабылдады. Пандемия кезінде есепте тұрған тұлғаларды қашықтан бақылау жүйесі енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін әкімдіктер жәбірленушілердің уақытша тұруына арналған қонақ үй қорынан резерв құрылды. Бүгінде жәбірленушілер мобильдік қосымша немесе «112» нөміріне хабарласу арқылы жағдайларын айта алады, - деді Милюк. 

Ол атағандай, қазір әйелдерге 40 дағдарыс орталығы көмек көрсетеді. 

Оның 30-ында баспана бар. Өткен жылы полиция қызметкерлері 11 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталығына бағыттады. Сенім телефоны бойынша 8 мың адамға консультация жасалды. Былтырғы желтоқсандағы «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында есепте тұрған 17 мың тұлғаның мекен жайы бойынша тексеру жүргізілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы