Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 маусымдағы ақпаратты жариялады.
28 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (–22 707 + және 1294 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 474 адамның жағдайы ауыр, 98 пациенттің жағдайы өте ауыр, 66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
26 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56940, 984 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52203 жетті.